Шымкентте стенд атудан Қазақстан кубогының ІІ кезеңі басталды

0
1 573

Шымкенттегі «Эльдорадо» спорттық кешенінде стенд атудан Қазақстан кубогының бірінші кезеңі өтуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Шымкентте стенд атудан Қазақстан кубогының ІІ кезеңі басталды

Шымкенттегі «Эльдорадо» спорттық кешенінде стенд атудан Қазақстан кубогының бірінші кезеңі өтуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2 наурыз күні жарыстың ашылу салтанаты өтіп, ұйымдастырушылар мергендерге сәттілік тіледі. Биыл додаға еліміздің барлық өңірінен 110-ға жуық спортшылар келген.

Іріктеу кезеңінде ауа райының қолайсыздығына қарамастан бас жүлде үшін үміткер спортшылар жоғары ұпайлар жинады. Қазақстан кубогының екінші айналымына Алматы қаласы, үшінші кезеңіне Астана қаласы қожайындық жасайды. Айтулы дода арқылы бапкерлер Қазақстан құрама командасын жасақтайтын болады.

Ұлттық құрама биылғы жылдың 18 тамыз – 2 қыркүйек аралығында Индонезияда өтетін XVIII – Азия ойындарында ел намысын қорғайтын болады.