Шымкентте теннис турнирі мәресіне жетті

0
1 014

ERNUR.KZ. Шымкентте бір жетіге жалғасқан "ITF Futures" халықаралық турнирі мәресіне жетті.


Шымкентте теннис турнирі мәресіне жетті

ERNUR.KZ. Шымкентте бір жетіге жалғасқан "ITF Futures" халықаралық турнирі мәресіне жетті. Жеке сында финалда сербиялық Никол Миложевич пен өзбекстандық Санжар Файзиев кортқа шықты. Жеңімпаз аты 3 сеттен соң анықталып, Никол Миложевич 6:2, 5:7, 7:6 есептерімен жеңіске жетіп, чемпион атанды. Ал, жұп сында украиналық теннисшілер Денис Молчанов пен Владислав Манафов жеңімпаз атанды.

Олар финалда ресейлік пен эстониялық теннисшілер жұпы Евгений Тюрнев пен Владимир Ивановтан басым түсті - 7:6, 3:6, 10:6.