Шымкентте теннистен халықаралық турнир басталды

0
956

ERNUR.KZ. Шымкенттегі теннис орталығында теннистен "Shymkent Futures F2" халықаралық турнир басталды. Сайысқа Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Сербия және АҚШ секілді елдерден теннисшілер келді.

Турнирдің бірінші айналымында қазақстандық теннисшілердің жолы болмады. Шымкенттік Роман Хасанов ресейлік Александр Игошинге 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп,турнирмен қош айтысты. Ал, Тимур Хабибулин италиялық Франческо Вилардоға 3 сетте есе жіберді - 3:6, 7:6, 3:6. Қазақстан құрама командасының ойыншысы Григорий Ломакин турнирге жоғары дайындықпен келген болса да, қарсыласына жол берді. Ол турнирдің 4 - ракеткасы Евгений Тюрневке қарсы кортқа шықты. Евгений Тюрнев қазақстандық теннисшіге бірде - бір сетте есе жібермеді - 6:3, 7:5.

2 – айналымның нәтижелері төмендегідей:

Тимур Киамов – Тимур Мәуленов – 6:0, 6:2, Матея Сабанов – Владислав Дубинский – 6:3, 3:6, 1:6, Иван Калинин – Сайдаъло Саидкаримов – 6:4, 6:4, Филипп Климов – Александр Лионенко – 6:4, 6:1. Ақтық сайыстар 24 ақпан күніне жоспарланған.