​Шымкентте Ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтеді

0
1 699

Қазақ күресі, асық ату, көкпар және тоғызқұмалақтан оңтүстік аймақтың жеңімпаздары анықталады.


​Шымкентте Ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтеді

ERNUR.KZ. Ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалі оңтүстік өңірден бастау алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

14-15 шілде аралығында Шымкент қаласында Ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінің ойындары өтеді. Қазақ күресі, асық ату, көкпар және тоғызқұмалақтан оңтүстік аймақтың жеңімпаздары анықталады. Осы дүбірлі додаға байланысты арнайы баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.

Журналистердің қызықтырған сұрақтарына Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айтмахаметәлі Бердашев және Республикалық ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Нұрсұлтан Ибрагимовтар жауап берді.

Шымкентте өтетін іріктеу жарыстарында Алматы қаласы, Қызылорда мен Түркістан, сондай-ақ Жамбыл облыстарының спортшылары бақ сынайтын болады. Ал, финалдық кезең 10-16 қыркүйек күні Астанада өтетіні белгілі болды. Қазіргі таңда республикалық спорт фестивалінің жүлде қоры белгілі емес. Ойындардың нәтижелерімен таныстырып отыратын боламыз.