Шымкентте "Жастар" турнирі басталды

0
952

ERNUR.KZ. Тассай мөлтекауданындағы "Намыс" стадионында "Жастар" турнирі басталды. Қазақстан футбол федерациясы ұйымдастырып отырған жарысқа 2002 жылы туылған футболшылардан жасақталған 19 команда бақ сынайтын болады.

Шымкентте

Ойындарды "А" тобының командалары бастап берді. Алматылық "Қайрат " клубына қарсы "Ақтөбе" ұжымы алаңға шықты. Бірінші тайм толығымен алматылық футболшылардың шабуылдауымен өтті. Алайда, ақтөбелік қақпашы тамаша ойын көрсетіп, "Қайрат" жастарының гол соғуына жол бермеді. Үзілістен соң "Қайраттың" футболшылары намысқа тырысып, қарсыластарының қақпасына қатарынан 3 гол соқты.

Павлодардың "Ертіс" ұжымы Петровалдың «Қызыл Жар» командасын бірінші таймда соққан жалғыз голымен жеңді – 1:0.

«В» тобының нәтижелері төмендегідей:

«Шахтер» - «Алтай» - 0:1, «Қайсар» - «Жетісу» – 2:1, «Оңтүстік -2003» - «Каспий» - 3:1.

Турнир 25 ақпанға дейін жалғасады. Алдағы ойындардың нәтижелерімен таныстырып отырамыз.