​Шымкенттік балуандар Азия чемпионатында 3 жүлде жеңіп алды

0
822

Қоржында – 1 күміс және 2 қола жүлде.


​Шымкенттік балуандар Азия чемпионатында 3 жүлде жеңіп алды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Азия чемпионатында жүлдегер атанған спортшыларға сый-құрмет көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Күрес түрлерінен Алматыда өткен Азия чемпионатында грек-рим күресінен аса ауыр салмақта Әлімхан Сыздықов финалға дейін жетті. Алтын жүлдеге таласта иран балуанына есе жіберіп, екінші орынға иелік етті.
Әйелдер күресінен 57 келіде белдескен Шымкент қаласының спортшысы Алтынай Сатылған, 55 келіде Айша Уәлишан қола жүлдеге ие болды.
Айта кетсек, Азия чемпионаты Алматы қаласында 13-18 сәуір аралығында өтті.