Шымкенттік спортшы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды

0
646

81 келіде бақ сынаған Шымкент қаласының спортшысы өзбекстандық Сохиба Рузметовадан басым түсті.


Шымкенттік спортшы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды

Шымкент қаласының спортшысы Фариза Шолтай Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Дубайда (БАӘ) бокстан әйелдер арасында Азия чемпионаты аяқталды. Бұл сында Қазақстан құрамасы 8 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы осылайша құрлықтағы рекордтық жетістікке қол жеткізді. Қазақ елінің бұрымды боксшылары 10 салмақта сайыс көрігін қыздырды.
81 келіде бақ сынаған Шымкент қаласының спортшысы Фариза Шолтай Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Жерлесіміз финалда өзбекстандық Сохиба Рузметовадан басым түсті.