Шымкенттік спортшы көркем гимнастикадан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

0
1 267

Жарысқа 16 елден 50 үздік спортшы қатысты.


Шымкенттік спортшы   көркем гимнастикадан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Шымкенттік спортшы Эльжана Таниева көркем гимнастикадан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

4-6 сәуір күндері Софияда (Болгария) «Sofia Cup» халықаралық турнирі өтті.

Жарысқа 16 елден 50 үздік спортшы қатысты. Қазақстаннан екі спортшы бақ сынаған болатын. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Эльжана Таниева екі жаттығуда үздік көрсеткішке қол жеткізді.
Таспа жаттығуы бойынша Эльжана Таниева финалда 20,55 ұпаймен, шығыршық бойынша 22,3 ұпаймен жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, Эльжана Таниева Шымкент қаласының № 9 көркем гинастика спорт мектебінің шәкірті. ⠀