Шымкенттік спортшылар стенд атудан жеңімпаз атанды

0
583

Қазақстан құрамасының өкілдері айтулы бәсекеде 4 медаль жеңіп алды.


Шымкенттік спортшылар  стенд атудан жеңімпаз атанды

Шымкент қаласының спортшылары – Мария Дмитриенко мен Виктор Хасянов «Трап микс» жұптық жаттығуында үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Италияның Тоди қаласында стенд атудан Green Cup халықаралық турнирі өтуде. Қазақстан құрамасының өкілдері айтулы бәсекеде 4 медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында бақ сынаған шымкенттік спортшылар екі жүлдеге иелік етті. «Скит» жаттығуында Амалия Кудрявцева қола, «Трап» жаттығуы бойынша Анастасия Прилепина күміс медальға ие болды.