Стенд атудан Қазақстан командасы әлем кубогінде қола жүлдегер атанды

0
2 749

Алтын медаль Ресей, күміс Үндістан құрамасының еншісінде.


Стенд атудан Қазақстан командасы әлем кубогінде қола жүлдегер атанды

ERNUR.KZ. Египеттің Каир қаласында өтіп жатқан стенд атудан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қоржынына кезекті жүлде түсті, деп жазады olympic.kz.

«Трап» жаттығуы бойынша Қазақстан командасы қола жүлдегер атанды. Алтын медаль Ресей, күміс Үндістан құрамасының еншісінде. Бұл жаттығу бойынша Қазақстан намысын Сәрсенкүл Рысбекова, Айжан Досмағамбетова мен Мария Дмитриенко қорғаған болатын.

Айта кетелік, бұған дейін Қазақстан командасы «скит» жаттығуы бойынша үздік үштік қатарынан көрінді. Ал бүгін жүлдегер атанған Сәрсенкүл Рысбекова Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алғанын естеріңізге саламыз.