Су спорты: Спортшыларымыз әлем чемпионатының тұңғыш алтынын жеңіп алды

0
546

Күміс медальді Қытай құрамасы, қоланы Мексика командасы жеңіп алды.


Су спорты: Спортшыларымыз әлем чемпионатының тұңғыш алтынын жеңіп алды

ERNUR.KZ. Катар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан тарихи алтын медаль жеңіп алды, деп жазады inform.kz.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, Қазақстан тарихында су спорты түрлерінен әлем чемпионатында спортшыларымыз осы уақытқа дейін алтын медальға қол жеткізе алмай келе жатқан. Бүгін спортшыларымыз сол олқылықтың орынын толтырып, тарихи жүлдеге ие болды. Бұған дейін Эдуард Ким жекелей сында қола жүлде жеңіп алған еді.
Бүгін, синхронды жүзуден аралас жұптық сында өнер көрсеткен Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем чемпионы атанды. Олар 228.0050 ұпай жинады.

Күміс медальді Қытай құрамасы, қоланы Мексика командасы жеңіп алды.