Сұлтан Зәуірбек Англиядағы жекпе-жегін нокаутпен жеңді

0
997

Бокс кеші Англияның Болтон қаласында өтті.


Сұлтан Зәуірбек Англиядағы жекпе-жегін нокаутпен жеңді

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек Англиядағы жекпе-жегін нокаутпен жеңді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Зәуірбек аргентиналық Факундо Арсемен шаршы алаңда кездесті.

Жекпе-жек екінші жартылай жеңіл салмақта өтті және сегіз раундқа жоспарланған болатын. Алайда қазақстандық боксшы бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой бокс мансабында он төртінші рет жеңіске жетті.

Зәуірбек WBO European нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы чемпион. Белдікті 2021 жылдың шілдесінде жеңіп алған болатын. Бұған дейін оған WBC-тің жастар арасындағы әлем чемпионы титулы да тиесілі еді.