Таеквондодан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі кейінге шегерілді

0
2 479

Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі 14-15 мамырда, паралимпиадаға іріктеу кезеңі 16 мамырда өтуі тиіс еді.


Таеквондодан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі кейінге шегерілді

ERNUR.KZ. Таеквондодан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі кейінге шегерілді, деп жазады olympic.kz.

Иордания астанасы Амман қаласында жоспарланған Олимпиадаға іріктеу кезеңі 2021 жылдың 21-22 мамыр күндеріне ауыстырылды.

Ал паралимпиадаға іріктеу турнирі 23 мамырда өтеді.

Айта кетерлігі, бұған дейін Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі 14-15 мамырда, паралимпиадаға іріктеу кезеңі 16 мамырда өтуі тиіс еді.