Тағы бір қазақстандық боксшы кәсіпқой боксқа ауысты

0
823

Бұған Suleimen Promotions компаниясымен Айдос Ербосынұлы және Нұрсұлтан Жаңабаев секілді мықты боксшылар келісімшарт жасаған.


Тағы бір қазақстандық боксшы кәсіпқой боксқа ауысты

ERNUR.KZ. Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы талантты қазақстандық боксшы Евгений Павловпен келісімшартқа отырғанын хабарлады, деп жазды baq.kz.

Петропавл қаласының тумасы бокстан және кибоксингтен Қазақстанның спорт шебері. Олимпиада ойындарының чемпионы Безат Саттарханов атындағы турнирдің жеңімпазы. Сондай-ақ ол 2019 жылы халықаралық "Бокс королі" турнирінің күміс жүлдегері."Кәсіпқой бокста керемет жеңіске жетесің деген сенімдеміз. Әлем чемпионы атану үшін біздің команда саған соңына дейін көмектеседі", - делінген промоушен таратқан хабарламада.Айта кетейік, бұған Suleimen Promotions компаниясымен Айдос Ербосынұлы және Нұрсұлтан Жаңабаев секілді мықты боксшылар келісімшарт жасаған.