Тағы бір қазақстандық спортшы допингпен ұсталды

0
736

Жеңіл атлет 2019 жылдың 2 шілдесінен 2023 жылдың 2 шілдесіне дейін аластатылды.


Тағы бір қазақстандық спортшы допингпен ұсталды

ERNUR.KZ. Қазақстандық жеңіл атлет Антон Боднар рұқсат етілмеген препарат қолданған, деп жазады baq.kz.

Спортшының қанынан «Метандиенон» препараты табылған. Бұл препарат WADA-ның (Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігі) тыйым салынған дәрі-дәрмектер тізімінде бар. Қарапайым тілде «метан» деп аталады. Аталған препарат спорттық медицинада бұлшықет массасын көбейту үшін қолданылады.


Препарат анаболизмді күшейтеді және глюкокортикостероидтер тудыратын катаболикалық процестерді тежейді. Сондай-ақ оны қолдану кезінде денеде басқа реакциялар пайда болады. Дегенмен, «метанның» ең басты артықшылығы – бұлшықетті күшейту.

Енді Боднар 4 жылға спорттан шеттетіледі. Жеңіл атлет 2019 жылдың 2 шілдесінен 2023 жылдың 2 шілдесіне дейін аластатылды.

Шымкенттік жеңіл атлет Антон Боднар биіктікке секірумен айналысады. Ол былтырғы жылы Азия ойындарына қатысып, финалға дейін жеткен болатын. Ал биыл ақпан айында Ыстамбұлда өткен Ruhi Sarialp Jumping Events Indoor Cup турнирде күміс жүлдеге болды.

2018 жылы Бішкекте өткен Олимпиада чемпионы Татьяна Колпакованың жүлдесі үшін жарыстың жеңімпазы атанған. Бірнеше рет Қазақстан чемпионатында жүлдегер болған.