Таразда көкпар мен аударыспақтан чемпионат өтіп жатыр

0
857

Сәуірдің 20 мен 30 аралығында өтетін додаға елдің 17 өңірінен 300-ден астам қатысушы жиналды.


Таразда көкпар мен аударыспақтан чемпионат өтіп жатыр

ERNUR.KZ. Таразда ересектер арасында көкпар мен аударыспақтан 21-республикалық чемпионат басталды, деп жазады 24.kz.

Сәуірдің 20 мен 30 аралығында өтетін додаға елдің 17 өңірінен 300-ден астам қатысушы жиналды. Сайыс салтанатты түрде ашылды.

"Барлық облыстан командалар келген. Осы жарысқа біз «Әулиеата» командасы 1,5 ай дайындық оқу-жаттығу өткізіп сақадай сай болып бүгін өзіміздің жер болып жатқан жарысқа дайындалып келдік. Аллаға шүкір, бірінші ойында үштікте жүрген «Атырау» құрамасымен ойнап 7:2 есебімен жеңдік", - дейді көкпаршы Құрманбек Тұрғанбек.