"Тараздың" бразилиялық шабуылшысы командадан кетті

0
492

Маусымның біріншілі бөлігінде бұл шабуылшы жеті кездесу өткізіп, "Ақсу" командасының қақпасына бір гол соқты.


ERNUR.KZ. Бразилиялық шабуылшы Жорже дос Сантос "Тараз" командасынан кетті, деп жазады Vesti.kz.

Маусымның біріншілі бөлігінде бұл шабуылшы жеті кездесу өткізіп, "Ақсу" командасының қақпасына бір гол соқты.

Қазақстанға келерге дейін дос Сантос өз отанында өнер көрсеткен. Кейін автриялық "Капфенберг", украиналық "Черноморец", мальталық "Хибернианс" және литвалық "Паневежисе" командаларының намысын қорғаған.

Ал "Тазар" командасы болса Қазақстан біріншілігінің 14 турынан кейін 22 ұпай жинап, төртінші орында келеді.