Тарихи жетістік: Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

0
738

Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатынан ешкім медаль алмаған.


Тарихи жетістік: Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

ERNUR.KZ. Михаил Шайдаров мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп жазады Olympic.kz.

Эстонияның Таллин қаласында мәнерлеп сырғанаудан жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Ұлдар арасында жеке бағдарламада өнер көрсеткен қазақстандық Михаил Шайдаров күміс жүлдеге ие болды. Негізгі бағдарламада ол 234,31 ұпайына ие болды.

Айта кетерлігі, бұл мәнерлеп сырғанау бойынша қазақстандық спортшылар үшін тарихи жетістік. Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатынан ешкім медаль алмаған.