Ташкентте жүлде иеленетін қазақ боксшыларға қосымша сыйақы белгіленді

0
582

Жарысты ұйымдастырып отырған Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) алтын жүлдегерлерге 200 мың доллар, күміске - 100, ал қолаға 50 мың доллар сыйақы белгілеген болатын.


Ташкентте жүлде иеленетін қазақ боксшыларға қосымша сыйақы белгіленді

ERNUR.KZ. Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев алдағы әлем чемпионатының жеңімпаздарына қосымша сыйақы беретінін мәлімдеді, деп жазады vesti.kz.

Еске салайық, әлем біріншілігі 1 және 14 мамыр аралығы Ташкенте өтеді.

"Біздің жігіттерге қосымша қолдау көрсетіп, ынталандыра түсу үшін жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, дәстүр бойынша, менің қаражатымнан ақшалай сый беріледі. Жеңімпаздар үшін 100 мың АҚШ доллары қарастырылған", - деп береді Рақышевтің сөзін ҚБФ баспасөз қызметі.

Жарысты ұйымдастырып отырған Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) алтын жүлдегерлерге 200 мың доллар, күміске - 100, ал қолаға 50 мың доллар сыйақы белгілеген болатын.