Тастай мұздың ішінде екі сағат бойы жалаңаш отырған спортшы рекорд орнатты (фото)

0
852

Йозеф Кеберль есімді азамат осымен екінші рет өз рекордын жаңартып отыр.


Тастай мұздың ішінде екі сағат бойы жалаңаш отырған спортшы рекорд орнатты (фото)

ERNUR.KZ. Австриялық спортшы екі сағат бойы тастай мұздың ішінде киімсіз отырып, әлемдік рекорд орнатты, деп жазады kaz.nur.kz.

Йозеф Кеберль есімді азамат осымен екінші рет өз рекордын жаңартып отыр деп жазады dailymail.co.uk басылымы.

Шомылуға арналған іш киімді ғана киген ол арнайы мұз толы қораптың ішіне кіреді. Қораптың ішіне салмағы 200 келі тартатын мұз толтырылған. Ер адамның сөзіне сенсек, мұздан келетін аяздан оның денесі қатты ауырған. Алайда ол ойын басқаға ауыстырып, жақсы эмоцияларға толтыру арқылы бұл ауырсынуларды жеңе алады екен.

Йозеф екі сағат 30 минут 57 секунд мұздың ішінде отыруға шыдай алған. Осылайша, ер адам өзінің бұған дейін орнатқан рекордынан жарты сағатқа артық отыра алудың арқасында қайта әлемдік рекорд жаңартты.

Спортшы мұздан шыққанда күннің қыздырғанын сезіну ерекше ләззат беретінін алға тартуда. Йозеф бұл рекордын әлі де жаңартпақ ниетте. Келесі жылы ол тағы да мұз толы қорапта ұзағынан отыруды жоспарлап отыр екен.

Еске салсақ, бұған дейін біз бес-ақ сағатта 10 келі салмақ тастаған қария рекорд жаңартқанын жазған едік. 66 жастағы Багама Айгубов бес сағат бойы стадионда жүгіру барысында 9,3 келі салмақ тастай алған. Оған дейін мұндай рекордты ешкім тіркеп көрмеген.

Одан бөлек, 42 жастағы азамат ерекше ұзын шашымен рекорд орнатқанын жазған болатынбыз.