Теміртас Жүсіпов пен Сағындық Тоғамбай бокстан халықаралық турнирде жеңіске жетті

0
734

Турнир 17-21 желтоқсан аралығында өткен.


Теміртас Жүсіпов пен Сағындық Тоғамбай бокстан халықаралық турнирде жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Қарағандыда әйгілі жатттықтырушы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир аяқталып, жеңімпаздар анықталды, деп жазады inform.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 48 келіде әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов жеңіске жетті. Ол финалда Ернар Қараптан басым түскен.

51 келіде кубалық Жиовис Салфран, 54 келіде Карим Серкебаев, 57 келіде Оразбек Асылқұлов топ жарды.

60 келіде Талғат Сырымбет, 63,5 және 67 келіде кубалықтар Эрисландо Альварес пен Жайро Рамис жеңімпаз атанды.

71 келіде Сабыржан Аққалықов, 75 келіде Ясин Елвираз (Марокко), 80 келіде Жиож Мануел Сото (Куба) алтын медаль алды.

86 келіде Еркебұлан Әкімбай, 92 келіде Сағындық Тоғамбай, аса ауыр салмақта Аманат Сабырғали тұғыр биігіне көтерілді.

Турнир 17-21 желтоқсан аралығында өткен.