Теннис: Путинцева «Ролан Гаррос» чемпионын жеңді

0
771

Western & Southern Open турниріндегі Путинцеваның келесі қарсыласы америкалық спортшы Слоан Стивенс болады.


Теннис: Путинцева «Ролан Гаррос» чемпионын жеңді

ERNUR.KZ. Әлемнің 42-ракеткасы, қазақстандық Юлия Путинцева АҚШ-тың Цинциннати қаласында өткен турнирде WTA рейтингінің 75-інші орнында тұрған Елена Остапенконы жеңді, деп жазады ҚазАқпарат.

Айта кетсек, Е.Остапенко «Ролан Гаррос»-тың 2017 жылғы чемпионы. Үш сеттегі есеп - 6/2, 6/7(3), 6/3. Матч 2 сағат 24 минутқа жалғасты. Осы уақытта 24 жастағы Путинцева бес эйс орындады, допты беру кезінде екі рет қателікке бой алдырып, сегіз брейк-пойнтты іске асырды.

Ал оның 22 жастағы қарсыласы допты екі рет алаңнан асырып берді, қосарланған 15 қателікке жол беріп, төрт брейк жасады. Бұған дейінгі жеке кездесудегі есеп 1:1 болған еді. Western & Southern Open турниріндегі Путинцеваның келесі қарсыласы америкалық спортшы Слоан Стивенс болады.