Теннис: Рыбакина Наньчан турнирінің финалында жеңіліп қалды

0
695

Бұл қарсыластардың өзара бірінші кездесуі еді.


Теннис: Рыбакина Наньчан турнирінің финалында жеңіліп қалды

ERNUR.KZ. Қазақстандық Елена Рыбакина Қытайдағы Наньчан WTA турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Әлемнің 69-ракеткасы Е.Рыбакина финалда дүниежүзілік рейтингте 78-орында тұрған швециялық Ребекка Петерсонмен шеберлік байқасты.

Бұл қарсыластардың өзара бірінші кездесуі еді. Кешегі, үш сетке созылған кездесу әсер етті ме, Рыбакина матч барысында шаршаңқы көрініп, қателіктерге жиі жол берді.

Бірінші партияда алғашқы болып доп берген қазақстандық теннисші қарсыласының брейк жасауына мүмкіндік беріп қойды. Содан кейін екінші рет брейк жасаған Петерсон көп қиналмай, жеңіске жетті – 6:2.

Екінші сет те швециялық спортшының брейк жасауымен басталды. Содан кейін қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ – 6:0.

Финалдық бәсеке бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды. Осылайша Р.Петерсон WTA жарыстарындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Наньчан додасының финалына шыққанын, Андрей Голубев пен Александр Недовесовтің жұптық сында Ыстанбұл жарысының жеңімпазы атанғанын, ал Зарина Диястың Осакада негізгі турнирге жолдама алғанын жазған болатынбыз.