Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте 7-орынға көтерілді

0
376

Қазақстан теннис федерациясының ресми мәліметіне сәйкес, Билли Джин Кинг кубогының жаңартылған рейтингісінде ел құрамасы 10-нан бірден 6-орынға көтерілді.


Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте 7-орынға көтерілді

ERNUR.KZ. Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде алғаш рет үздік жетілікке кірді, деп жазады BAQ.KZ.

Қазақстан теннис федерациясының ресми мәліметіне сәйкес, Билли Джин Кинг кубогының жаңартылған рейтингісінде ел құрамасы 10-нан бірден 6-орынға көтерілді.

Қазақстан ұлттық құрамасы АҚШ, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания секілді командаларды артқа қалдырды.

Қазақстандық қыздар биылғы сәуірде елордада Польша теннисшілерін 3:1 есебімен тізе бүктіріп, командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.