Теннистен Қазақстан құрамасы АҚШ-пен кездеспек

0
522

​АҚШ құрамасы Дэвис кубогы тарихындағы ең титулды команда.


Теннистен Қазақстан құрамасы АҚШ-пен кездеспек

ERNUR.KZ. Теннистен Қазақстан құрамасы командалық әлем чемпионатының топтық кезеңінде екінші кездесуін өткізеді. Біздің спортшылардың қарсыласы АҚШ құрамасы болмақ, деп жазады stan.kz.

АҚШ құрамасы Дэвис кубогы тарихындағы ең титулды команда. Бүгінгі әлемдік рейтингте АҚШ 4-орында тұр. Ал Қазақстан 9-орында. Құрама мұндай жекпе-жектері жеткілікті Михаил Кукушкинге үміт артуда. Егер Михаил кортқа шықса, бұл Кукушкиннің Дэвис кубогындағы Қазақстан құрамасы сапындағы 50- ші кездесуі болмақ. Ұлттық құраманы тағы да қолдауға келген қазақстандық жанкүйерлер Михаилге де ерекше назар салмақ.

“Бұл ықыласты көргенде ол энергия алады. Қазақстан құрамасы үшін бұл ең жақсы матч болмақ”,- деді жанкүйер Марат Баймұхаметов.

Бір топ спорт жанкүйерлері шетелдегі барлық дерлік матчтарда ерлер мен әйелдер құрамаларына қолдау көрсетіп келеді.