Тоқаевты Instagram блоктап тастады

0
580

22 жастағы Тоқаев Еуро-2022 турнирінде Қазақстан құрамасының белді ойыншыларының бірі болған.


Тоқаевты Instagram блоктап тастады

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Футзалдан Қазақстан құрамасы мен "Атырау" командасының ойыншысы Жомарт Токаевтың аккаунтын Instagram әлеуметтік желісі блоктап тастады, деп жазады vesti.kz.

Ойыншының өзі әлеуметтік желісін не үшін бұғаттап тастағанын білмейтінін айтты. Тоқаев әлеуметтік желінің тұтынушылардың қолдау қызметіне хабарласқан. Бірақ жауап алмады.

Еске салайық, 22 жастағы Тоқаев Еуро-2022 турнирінде Қазақстан құрамасының белді ойыншыларының бірі болды. Ал оның Италия құрамасына соққан добы турнирдегі ең әдемі голдардың бірі болды.