"ТОКИО-2020" Олимпиада алауының өтуіне қатысты мәлімдеме жасады

0
544

Алауды табыстау рәсімі 19 наурыз күні көрермендердің қатысуынсыз өтеді.


ERNUR.KZ. «Токио-2020» ұйымдастырушылары Олимпиада алауы эстафетасының кейінге қалғаны туралы жаңалықтан хабардар екенін айтты, деп жазады olympic.kz.

«Токио-2020» ұйымдастыру комитетіне Олимпиада алауы эстафетасының Грекиядағы кезеңінің тоқтатылғаны туралы хабарланды. Сондай-ақ, бізге Грекия Олимпиадалық комитеті алауды табыстау рәсімі 19 наурыз күні көрермендердің қатысуынсыз өтетінін де жеткізді. «Токио-2020» ХОК пен Грекия Олимпиада комитетімен тығыз байланыста қала береді.

«Токио-2020» Олимпиада алауын Жапонияға жеткізеді. Ұлттық билік бекіткен Коронавирусқа қарсы саясат бойынша, Жапониядағы барлық аймақтармен тығыз жұмыс істеп, 26 наурыз күні Олимпиада алауы эстафетасының қауіпсіз түрде өтуін қадағалаймыз», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ХОК пен Токио-2020 ұйымдастыру комитеті 2020 жылдың 24 шілдесі күні жоспар бойынша Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын өткізетіні мәлімдеді.