Төреші әйелді доппен ұрып құлатқан Джокович US Open турнирінен қуылды

0
579

Биыл US Open-де су жаңа чемпион болады.


Төреші әйелді доппен ұрып құлатқан Джокович US Open турнирінен қуылды

ERNUR.KZ. АҚШ-та өтіп жатқан US Open турнирінде Пабло Карреноға қарсы матч өткізген сербиялық теннисші сызыққа қарап тұратын төреші әйелді доппен ұрып, жарыстан шеттетілді, деп жазады zakon.kz.

Бірінші сетте есеп 5:5 боп тұрған кезде әлемнің бірінші ракеткасы өзінің доп беру кезегін ұтылып қалып, допты корттың қабырғасына қарай ұрған. Бірақ добы төреші әйелдің желкесіне тура тиген. Төреші құлап түсіп, жөтеліп, тынысы тарылғандай қиналып қалды.

Осы оқиғадан кейін Джокович турнирден шеттетілді. Ары қарай Каррено өтті.

Биыл US Open-де су жаңа чемпион болады. 2004 жылдан бері бұл турнирде 7 адам ғана жеңіске жеткен: Джокович, Федерер, Надаль, Дель Потро, Маррей, Вавринка және Чилич. Қазір жарыс жолында бұлардың ешқайсысы қалмады, деп жазады eurosport.ru.