Төрт ойында 1:14. "Астана" Нұр-Сұлтанда масқара жеңіліске ұшырады (видео)

0
798

Қазақ жанкүйерлері реванш күткен.


Төрт ойында 1:14.

ERNUR.KZ. Еуропа лигасының топтық кезең ойынында "Астана" өз алаңызда голландияның "АЗ Алкмаар" клубын қабылдады, деп жазады Zakon.kz.

"Астана" мынадай құраммен алаңға шықты: Эрич, Рукавина, Ротариу, Томасов, Бейсебеков, Маевский, Логвиненко, Перцух, Постников, Шомко, Хижниченко.

Сырт алаңда "АЗ Алкмаардан" 6:0 есебімен ұтылып келген соң жанкүйерлер реванш күткен.

Алайда астаналықтар шабуылда да түк тындырмады, қорғаныста да жарытпады. Қорытынды есеп 5:0 – "АЗ Алкмаар" "Астананы" тағы да таптап кетті.

28 қарашада "Астана" Нұр-Сұлтанда ағылшынның "Манчестер Юнайтедін" қабылдайды.

"Астана" – "АЗ Алкмар" 0:5 (0:1)

Голдар: Боаду 29 (0:1), Мидтше 52 (0:2), Идрисси 57 (0:3), Хацидакос 76 (0:4), Боаду 77 (0:5).