ТҮРКІСТАН: «Мақтаарал» футбол командасы болашақта облыс намысын қорғайтын болады

0
2 378

"Мақтаарал" футбол клубы 2020 жылға қарай премьер лигаға шығуды көздеп отыр.


ТҮРКІСТАН: «Мақтаарал» футбол командасы болашақта облыс намысын қорғайтын болады

Футболдан бірінші лигада өнер көрсететін «Мақтаарал» футбол командасы келер жылдан бастап Түркістан облысының атынан ойнайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жөнінде Түркістан облысы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев мәлімдеді.

«Мақтаарал командасы биыл ауданының атынан біріншілікте өнер көрсетеді. Ал, келер жылы Түркістанға ауыстырамыз. Клуб басшылығына жергілікті жігіттерді көптеп алып, дайындауды тапсырдық. 2020 жылы команда премьер лигаға шығуы тиіс деген тапсырма қойып отырмыз»,- дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, «Мақтаарал» футбол командасы 2012 жылы екінші лига жеңімпазы болған. 6 жылдан бері бірінші лигада өнер көрсетіп келеді.

Дереккөз «Южный Казахстан» газеті