ТҮРКІСТАН: Рахат Қомбаров Теңгі ілуден ел чемпионы атанды

0
1 481

Ұлттық ат спортында Теңге ілуден өткен ел чемпионатына 14 командадан 20 спортшы бақ сынады.


ТҮРКІСТАН: Рахат Қомбаров Теңгі ілуден ел чемпионы атанды

Тараз қаласында өтіп жатқан елішілік чемпионаттың думаны қыза түсуде. Бүгін теңге ілуден өткен бәсекеде Рахат Қомбаров Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ұлттық ат спортында Теңге ілуден өткен ел чемпионатына 14 командадан 20 спортшы бақ сынады. Елішілік жарысқа тек Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары ғана тыс қалған болатын. Үш кезеңнен тұратын жарыстың қорытындысы бойынша Түркістан мен Жамбыл облысының спортшылары жүлделі орындарды өзара бөлісті. Нәтежиесінде бас жүлде Түркістан облысының командасына бұйырды. Сонымен Теңге ілуден ел чемпионатының қортындысы төмендегідей:

І орын – Рахат Қомбаров (Түркістан облысы)

ІІ орын – Нұрбағлан Сәдуахас (Түркістан облысы)

ІІІ орын – Айдын Әшімжан (Жамбыл облысы)

ХІІІ Қазақстан чемпионатына қатысқан спортшылар тізімі:

Зәуірбек Сұлтан (Алматы қаласы)

Бердібек Татай (Алматы қаласы)

Айнабек Бердіқұлов (Жамбыл облысы)

Айдын Әшімжан (Жамбыл облысы)

Бағдәулет Ғаниұлы (Қызылорда облысы)

Нұрберген Ташмағанбет (Қызылорда облысы)

Нұрбағлан Сәдуахас (Түркістан облысы)

Рахат Қомбаров (Түркістан облысы)

Елдос Асқарұлы (ШҚО)

Мұхамед Қанатбеков (ШҚО)

Тимурхан Иманғалиев (Ақтөбе облысы)

Нұрхан Елжанов (Ақтөбе облысы)

Елдос Жұмағали (Павлодар облысы)

Данияр Серік (СҚО)

Төлеген Серғазиев (Қарағанды облысы)

Асабек Төребаев (Қостанай облысы)

Битөре Ахметәлі (Маңғысау облысы)

Самат Әбиір (Атырау облысы)

Мағжан Жеңісов (БҚО)

Шәкәрім Қабылдин (Ақмола облысы)