ТҮРКІСТАН: Шардаралық спортшы өзіне сыйланған көлікті ұстазына тарту етті

0
1 529

Әлем мықтылары Малайзия елінің Кучинг қаласында күш сынасты.


ТҮРКІСТАН: Шардаралық спортшы өзіне сыйланған көлікті ұстазына тарту етті

Жуырда ғана Малайзия елінде Әлемнің мықтылары күш сынасқан сайыста жеңіске жеткен Шардаралық спортшыға темір тұлпар тарту етілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

5 сәуірде Малайзия елінің Кучинг қаласында өткен Әлемнің ең мықты 8 спортшысы қатысқан ТОП8 сайысында өзінен 55 келі ауыр тартатын әлем мықтыларының бірі – Польшалық Алекс Курдечаны 5-1 есебімен ұтқан Шардараның шарболаты елге абыроймен оралды. 6 раундық жекпе-жек сайысты ең тартысты кездесу деп бағаланды.

Әлем мықтыларына қазақ деген ұлтты мойындатқан Қыдырғалиға Алматылық белгілі кәсіпкерлер (есімдерін атамауды өтінді) су жаңа Toyota Land Cruiser автокөлігін сыйға тартты.
“Менің осы күнге дейін қол жеткізген жетістіктерім бірінші Алланың, сонан кейін ұстазым әрі үлгі тұтар ағам бола білген Арман Романұлының қолдауының арқасында. Спортшы үшін баптап, додаға салып жетістікке жетелеген бапкердің батасынан, елінің қолдауынан артық ештеңе жоқ. Мен өз алғысым ретінде ұстазыма осы сыйлықты тарту етемін”, - деген Қыдырғали темір тұлпардың кілтін армрестлингтен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Арман Қарсыбаевқа сыйлады.
Ал, жаны жомарт кәсіпкерлер келесі жеңісінен кейін Қыдырғалиға Алматы қаласынан пәтер сыйлауға уәде берді.