​Түркістандық балуандар сайысқа түседі

0
1 267

Түркістан балуандары 25 млн. теңгегеден үмітті


​Түркістандық балуандар сайысқа түседі

Түркістан облысының балуандары Конфедерация кубогында бақ сынайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

8 желтоқсанда Алматыда жекпе-жек спорт түрлерінен конфедерация кубогының финалы өтеді. Түркістан облысының балуандары аталған кубоктың іріктеуінен іркілмей өтіп, жартылай финалға шықты.
Сайыста түркістандық балуандар Астана құрамасымен күреседі. Жеңіске жетсе, ШҚО мен Алматы қаласының жеңімпазымен сынға түсіп, жеңіс тұғырынан көріну үшін күш сынасады.

Конфедерация кубогында Түркістан облысының намысын қорғайтын жігіттер тізімі мынадай болмақ:

Абдуәлиев Нұрболат - 57 келі
Аббасов Фади - 74 келі
Сайранбай Бағдат - 65 келі
Ташбол Мәлітхан - 97 келі
Аббазов Сайд - 86 келі
Дәрібай Жантас - 125 келі
Өсербай Бақдәулет - 125 келі
Балуандардың жаттықтырушысы - Тұрғараев Қанат.

Түркістандық балуандардың бұған дейін де талай сайыста топ жарған аймақ намысын қорғайтынына және жеңіс тұғырынан көрінуіне жерлестерінің сенімі мол.