Түркиядағы сайыста елордалық бессайысшылар чемпион атанды

0
196

Аталған сында Қазақстан намысын Астана қаласының спортшылары Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко қорғады.


Түркиядағы сайыста елордалық бессайысшылар чемпион атанды

ERNUR.KZ. Бессайыстан Астана қаласының спортшылары Түркияның Анкара қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде командалық жарыста алтын медаль жеңіп алды. Олар аралас эстафетада өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді, деп жазады baq.kz.

Аталған сында Қазақстан намысын Астана қаласының спортшылары Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко қорғады.

Екінші орынға Египет, үшінші орынға Италия құрамалары орналасты.

Айта кетейік, Елена Потапенко биылғы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған. Ол 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында әйелдер арасындағы қазіргі бессайыстан жеке жарыста 5-орынды иеленген.