UFC Арман Әшімовті өз тізіміне қосты

0
511

Арман UFC-мен келісімшарт жасау мүмкіндігінен екі рет қағылды.


UFC Арман Әшімовті өз тізіміне қосты

ERNUR.KZ. Аралас жекпе-жек бойынша әлемдегі ең әйгілі промоушен UFC қазақстандық Арман Әшімовты өзінің ресми сайтына енгізген, деп жазады vesti.kz.

Google-дегі ақпарат бойынша, парақшаның 4 сәуірде жасалғанын байқауға болады. Дегенмен әзірге спортшының өзі немесе оның менеджері Саят Әбідрахмановтан ресми ақпарат болған жоқ.

Айта кетейік, Арман UFC-мен келісімшарт жасау мүмкіндігінен екі рет қағылды. 2020 жылы пандемия салдарынан Дана Уайттың үсіткерлер шоуына қатыса алмады, қазақ файтерге виза берілмеді. Өткен жазда Әшімов қарсыласын дәл жарыс алдында ға білгенімен Сингапурдағы турнирге қатысуға келісім берді. Бірақ бұл жолы қарсылас тайқып кетті.