UFC-де жеңіске жеткен алғашқы қазақтың келесі қарсыласы аталды

0
1 339

Алдағы жекпе-жек UFC ұйымында алғашқысы болады.


UFC-де жеңіске жеткен алғашқы қазақтың келесі қарсыласы аталды

ERNUR.KZ. Ресейлік қазақ Дамир Ысмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды, деп жазады 24.kz.

23 ақпанда Ысмағұлов Чехия астанасында өтетін UFC Fight Nights 145 турниріне қатысады. MMANews.cz, Sherdog және басқа да басылымыдар мәліметінше, Ысмағұловтың үш раундты жекпе-жегінде қарсыласы испаниялық Хоэль Альварес болады.

27 жастағы Ысмағұлов M-1 Global чемпионы болған, ал ММА-да 17 жекпе-жегінде жеңіске жетіп, екеуінде жеңілген. 25 жастағы Альварес - 15 рет жеңіске жетіп, бір рет жеңілген.

Алдағы жекпе-жек UFC ұйымында алғашқысы болады. Айта кетейік, Ысмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін 1 желтоқсан Австралияның Аделаида қаласында өткізген. Үш раундты жекпе-жекте Ысмағұлов жергілікті Алекс Горджесті төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша, ол UFC-де жеңіске жеткен алғашқы қазақ атанды.