Уимблдон-2023: Александр Бубликтің төртінші айналымға шықты

0
1 253

Отандасымыз әлемнің 7-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевпен ширек финалға шығу үшін таласады.


Уимблдон-2023: Александр Бубликтің төртінші айналымға шықты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Уимблдонның төртінші айналымына алғаш рет шықты, деп жазады Zakon.kz.

Финалдың 1/8 матчында Бублик Рублев-Гоффен жұбының жеңімпазымен ойнайтыны хабарланған. Бұл матчтың жеңімпазы да анықталып үлгерді. Сонымен отандасымыз әлемнің 7-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевпен ширек финалға шығу үшін таласады.

Бұның алдында теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Ұлыбритания Ашық чемпионатының үшінші айналымын еңсергені хабарланған болатын. Үшінші айналымда қазақстандық теннисші Германия өкілі Максимилиан Мартерерді (АТР рейтингінде 170-ші) 6:4, 6:1, 7:6 (7:4) есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 51 минутқа созылды. Александр Бублик 10 рет эйс орындап, 9 брейк-пойнттың 4-ін жүзеге асырды.