Украиналық клубта коронавирус инфекциясы ушығып тұр

0
659

Осының салдарынан клуб басшылығы команданы карантинге жапты.


Украиналық клубта коронавирус инфекциясы ушығып тұр

ERNUR.KZ. "Рух" клубының 11 ойыншысынан коронавирус инфекциясының белгілері табылған, деп жазады Vesti.kz.

Олардың арасында Павел Ориховский коронавирустың ең ауыр формасымен ауырған. Қазіргі таңда ойыншының жағдайы бір қалыпты. Сонымен қатар, клуб қызметкерлерінің арасында да жұқтырған табылды.

Осының салдарынан клуб басшылығы команданы карантинге жапты. Нәтижесінде Украина Премьер-Лигасының 11 турында "Ингульцпен" өтетін матч кейінге шегірілді.