Вагнер Лав "Қайраттың" келесі кездесуіне қатыса алмайды

0
722

Келесі қарсылас "Қызыл-Жар" командасы.


Вагнер Лав

ERNUR.KZ. Алматылық "Қайраттың" бразилиялық шабуылшысы Вагнер Лав футболдан Қазақстан біріншілігінің тоғызыншы турында "Қызыл-Жар" командасына қарсы кездесуге қатыспайды, деп жазады vesti.kz.

Кездесу 3 мамыр күні Петропавл қаласында өтеді.

Шабуылшы өткен турда "Ордабасыға" қарсы кездесудің бірінші таймында қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Бұл Лавтың алматылық команда сапында алған алғашқы сары қағазы. Бразилиялық шабуылшының алаңнан қуылғанына қарамастан бұл кездесуде "Қайрат" 3-0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл жеңісінен кейін "Қайрат" 15 ұпай жинап, турнир кездесуінде үшінші орынға көтерілді.