Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан Индонезиядан басым түсті

0
682

Құрлық додасындағы іріктеу кезеңінде Қазақстан F тобына түсті.


Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан Индонезиядан басым түсті

ERNUR.KZ. Оңтүстік Корея астанасы Сеулде волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Топтық кезеңдегі екінші кездесуде Қазақстан Индонезиядан басым түсті деп жазады Olympic.kz.

Үш партияға созылған кездесуде қазақстандықтар 3:0 (25:19, 25:15, 23:17) есебімен жеңіске жетті.

Құрлық додасындағы іріктеу кезеңінде Қазақстан F тобына түсті. Біздің команда қатарында Жапония, Қытай және Индонезия бар.

Топтық кездесуде Қытайға қарсы өткен ойында Қазақстан 0:3 есебімен жеңіліс тапқан болатын.