Волейболдан Қазақстан чемпионы анықталды

0
1 935

Тараз қаласында өтіп жатқан волейболдан ерлер арасындағы ұлттық лиганың плей-офф кезеңі өз мәресіне жетіп


Волейболдан Қазақстан чемпионы анықталды

ERNUR.KZ. Бүгін Тараз қаласында 7 мамырда басталған волейболдан ерлер арасындағы ұлттық лиганың плей-офф кезеңі өз мәресіне жетіп, алғаш рет «ТНК Қазхром» командасы жеңімпаз атанды, деп жазады inform.kz.

ҚР Волейбол федерациясы хабарлағандай, осымен XXVII рет өткен чемпионат аса тартысты өтті. Біріншілік қорытындысы бойынша, Ақтөбе облысы Хромтау қаласының командасы өз тарихында тұңғыш рет ел чемпионатының «алтынын» алды. Ал өткен жылы чемпион атанған «Атырау» волейбол клубы биыл күміс жүлдені қанағат тұтты. Қола медаль үшін өткен тартысты кездесуде «Маңғыстау» волейбол клубы Солтүстік Қазақстаннан келген «Есіл» командасынан айласын асырып, ел чемпионатында жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді.