Волейболдан Қазақстан кубогы мен суперкубогының өтетін уақыты белгілі болды

0
536

Қазақстан кубогы мен суперкубок матчы биылғы жылдың қазан мен қараша айларына жоспарланған.


Волейболдан Қазақстан кубогы мен суперкубогының өтетін уақыты белгілі болды

ERNUR.KZ. Қазақстан волейбол федерациясы республикалық ірі жарыстардың тізімін жариялады, деп жазады olympic.kz.

Қазақстан кубогы мен суперкубок матчы биылғы жылдың қазан мен қараша айларына жоспарланған.

Сонымен қатар, әйелдер арасындағы Кубоктың іріктеу кезеңі 1-8 қазан аралығында, ал ерлер арасында - 10-17 қазан аралығында өтеді.

Әйелдер командалары арасындағы кубок ойындарының финалдық кезеңі 20-28 қазан аралығында, ерлер арасында 6-14 қараша аралығында Өскеменде өтеді.

Ал әйелдер арасындағы суперкубок 28-30 қазан аралығында, ерлер арасында 14-16 қазан күндері Өскеменде өтеді деп белгіленген.

Жарыстардың барлығы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтаумен ұйымдастырылады.