WBA рейтингі: Айдос Ербосынұлы боксшылардың көшін бастады

0
2 485

Жаңартылған рейтингте қазақстандық спортшылардың орындары айтарлықтай өзгерген.


WBA рейтингі: Айдос Ербосынұлы боксшылардың көшін бастады

ERNUR.KZ. Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Хабар24.

Оған сәйкес қазақстандық спортшылардың орындары айтарлықтай өзгерген. Мәселен, WBA International белдігінің иегері Айдос Ербосынұлы екінші орта салмақтың ең жоғарғы сатысына көтерілді. Ал Бейбіт Шүменов тізімнен шығып қалды. Ауыр салмақта өнер көрсететін жерлесіміз жуырда жоспарлы жекпе-жекке қатыспай, чемпиондық белдігінен айырылған болатын. Бұған қоса, қазақстандық Серік Мұсадилов 15-ші, Батыр Жүкембаев өз салмағында 14-ші сатыға жайғасты.