WBC чемпионы Джермалл Чарло Жәнібекпен жекпе-жекке келісті

0
484


WBC чемпионы Джермалл Чарло Жәнібекпен жекпе-жекке келісті

ERNUR.KZ. Орта салмақта WBC чемпионы Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) IBF және WBO титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 11 КО) жекпе-жеке шығуға дайын екенін мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz.

"Чарлоның тізімінде кім? Титулы бар әрбір боксшы. 160 фунтта кім бар? Мен Джанни... Аты кім еді... Жәнібекпен жұдырықтасқым келеді. Абсолют атану үшін оны барып жеңіп тастаймын", - деп береді Чарлоның сөзін Showtime.

Бұған Жәнібек бірден жауап жазды:

"Чарло? Оны нокаутқа оңай түсіре аламын! Чарломен кездессе, "Жәнібек жеңе ала ма?" деп ешкім сұрамайды. Тек "Qazaq style оны қай раундта және қандай соққымен нокаутқа түсіреді?" деген жалғыз сұрақ болады. Қазір нақ бабымдамын! Дәп қазір қазақ стиліне қарсы ешбір боксшының қарсы тұрар мүмкіндігі жоқ!", - деп жазды Әлімханұлы Instagram желісіндегі стористе.