WBO Қанат Исламның жеңісіне қатысты мәлімдеме жасады

0
787

Қанат Ислам бірінші орта салмақтағы WBO International чемпионы титулын жеңіп алған болатын. Қазақстандық жанкүйерлердің ішінде төрешілердің шешімімен келіспегендер болды.


WBO Қанат Исламның жеңісіне қатысты мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшы Қанат Исламның намибиялық Уолтер Каутондокваны жеңуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады sputniknews.kz.

Қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңіске жеткен болатын. Ол бірінші орта салмақтағы WBO International чемпионы титулын ұтты. Бұл жекпе-жектен соң WBO боксшыны рейтингте көтеретін болды.

"Ислам - WBO рейтингінде сегізінші орында, ол көтерілуі тиіс. Бұл Қанаттың үздік өнер көрсетуі емес, бірақ ол төрешілер шешімімен жеңіске жету үшін барын салды", - деп хабарлайды WBO-ға сілтеме жасап.

Шешім дау тудырды. Қазақстандық жанкүйерлердің ішінде төрешілердің шешімімен келіспегендер болды. Әлеуметтік желіде пікір жазып жатқандардың көпшілігі бұл жолғы жекпе-жекте Қанат жеңіліп қалды деп есептейді, жеңісті Каутондокваға беру керек еді.



Айта кетсек, 35 жастағы Қанат Ислам үшін бұл 27-ші жеңіс. Ол осы күнге дейін бірде-бір рет жеңілген жоқ.

Уолтер Каутондоква екінші рет жеңілді. Былтыр ол америкалық Деметриус Андрадемен (28-0, 17 КО) өткен жекпе-жекте қарсыласына есе жіберген еді.