Еурокубок жартылай финалының жеребесі тартылды

0
1 007

Еуропа чемпиондар лигасында Испанияның «Реал» командасы Германияның «Бавариясына» қарсы алаңға шығатын болды. Бірінші ойын Мюнхен қаласында өтеді.


Еурокубок жартылай финалының жеребесі тартылды

Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында Еурокубок ойындарының жартылай финал матчтарына жеребе тартылды. Еуропа чемпиондар лигасында Испанияның «Реал» командасы Германияның «Бавариясына» қарсы алаңға шығатын болды. Бірінші ойын Мюнхен қаласында өтеді.

Ал, Англияның «Ливерпуль» клубы Италияның «Рома» ұжымымен өзара мықтыны анықтайтын болады.

Кездесулер 24 – 25 сәуір мен 1 – 2 мамыр күндері өтеді.

Еуропа лигасында «Арсенал» - «Атлетико», «Марсель» - «Зальцбург» командалары финал жолдамасын сарапқа салады.