Юлия Путинцева Ролан Гаррос жарысының екінші айналымына өтті

0
609

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемдік рейтингте 89-орында тұрған Марина Заневскаяға қарсы ойын өткізді.


Юлия Путинцева Ролан Гаррос жарысының екінші айналымына өтті

ERNUR.KZ. Қазақстанның 2-ракеткасы Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына жолдама алды, деп жазады stan.kz.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемдік рейтингте 89-орында тұрған Марина Заневскаяға қарсы ойын өткізді.

Алғашқы сетте отандасымыз 7:5 басым түсті. Кейін екінші сетте де 7:6 (7:3) есебімен жеңіп кетті. 2 сағат 17 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Юлия 16 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 3 эйс, 4 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.

Юлия Путинцева екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен ойнайды.