Зарина Дияс «Ролан Гарростың» екінші кезеңіне өтті

0
746

Жерлесіміз 1/64 финалда Одри Албидан басым болды.


Зарина Дияс «Ролан Гарростың» екінші кезеңіне өтті

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің бірінші кезеңінен өтті, деп жазады prosports.kz.

1/64 финалда жерлесіміз жергілікті спортшы Одри Албидан басым болды. Кездесу 1 сағат 4 минутқа созылып 6:2, 6:2 есебімен аяқталды.

Екінші кезеңде Дияс ресейлік Вероника Кудерметоваға қарсы бақ сынасады. Ол бірінші айналымда Каролина Возняцкиді ұтқан болатын.