Зәуреш Ақашева үстел теннисінен халықаралық турнирде топ жарды

0
718

Жарысқа қатысқан 120 спортшының ішінен ерлер мен әйелдер арасындағы алты адамға ғана жүлде бұйырды.


Зәуреш Ақашева үстел теннисінен халықаралық турнирде топ жарды

ERNUR.KZ. Алматыда үстел теннисінен «Оңтүстік астана» халықаралық турнирі аяқталды деп жазады Olympic.kz.

Жарысқа қатысқан 120 спортшының ішінен ерлер мен әйелдер арасындағы алты адамға ғана жүлде бұйырды.

Турнирдің былтырғы жеңімпазы Зәурет Ақашева биыл да қарсылас шыдатқан жоқ.

Ол жартылай финалда талантты спортшы Сарвиноз Мирқадырованы ұтса, ақтық сында елордалық Анастасия Лавровадан басым түсті.

Ерлер арасында ресейлік Илья Березин мен Илья Жидков тиісінде алтын мен күмісті иеленсе, өскемендік Денис Жолдуев үшінші орынға тұрақтады.