Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы бірінші жеңісіне қол жеткізді

0
396

Жұмағұлов UFC ұйымындағы үшінші кездесуін өткізді.


Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы бірінші жеңісіне қол жеткізді

ERNUR.KZ. Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов (13-5) Лас-Вегас қаласында өткен UFC 264 турнирінде жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz.

Отандасымыз америкалық Джером Риверамен (10-5) кездесіп, бірінші раундта қарсыласын қылдындырып тасады.

Осылайша Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы бірінші жеңісіне қол жетткізді. Ал жалпы бұл қазақстандық спортшының аралас жекпе-жектегі 14 жеңісі.

Айта кетейік, Жұмағұлов UFC ұйымындағы үшінші кездесуін өткізді. Бұған дейін ол осы ұйымдағы бірінші кездесуде бразилиялық Раулиан Пайвадан, кейін швециялық Амир Альбазиден жеңіліп қалған болатын.